• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:00:34
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысының орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің – Көшкеруені» атты салтанатты кездесу өтті, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымды шарада 1991 жылы қастерлі мекеннің азаттыққа қол жеткізген кезеңінде атажұртқа атбасын бұрып, туған өлкенің топырағын басуды аңсап келген бауырлардың басы қосылды. 

Баршаға аян, Тәуелсіздіктің – Көш керуені Елбасымыздың Нұрлы – көш бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы уақыт аралығында 1,5 мллн. қандас атамекенге қайтып оралды. Оның ішінде, 218 мыңға жуық жан Жер жаннаты-Жетісу өлкесіне табан тіреген еді. Бұлда Тәуелсіздік тарту еткен басты сый болды. 

1991 жылы Монғолия елінен арнайы көш бастап келгендердің бірі  Сағат Заханқызы және Аятхан Тұрысбекұлы салтанатты кездесудің қадірлі қонағы болды. Маңызды бас қосуға олардан бөлек, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, Алматы облыстық «Қандастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Құрметбек Сансызбаев пен  "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева сондай-ақ, облыстық басқармалар, қандастарымыз бен Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Жиында «Қазақ құндылығы ұлт ұлылығы» және «Жылдар жылнамасы» атты қос кітаптың тұсауы кесілді. Туындының авторы Құрметбек Сансызбайұлы.

Кітаптардың тұсауын кесу рәсімін Алматы облыстық Жазушылар одағының төрағасы Әміре Әрін және жазушы, ақын Жүкел Қамайұлы өткізді. 

Сөз соңында айта өтейік, 2021 жылы Алматы облысынан 6023 этникалық қазақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады. Соның ішінде төртеуі Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тұспа – тұс келіп, Қазақстан Республикасының азаматтығына өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір