• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:35:39
Алматы
+12°
 
Желіде желдей ескен мобильді аударымдарға қатысты ақпар бұқара арасында дау туғызуда. Тіпті қолма-қол ақшамен есеп айырысуға көшкендерде жоқ емес. Елді даурықтырған жаңалыққа «Jetisy Media» алаңында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері түсінік берді.
 
Әңгіменің әлқисасы, салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден бөлуге арналғандығын айшықтаудан басталды. Яғни, жаңа ереже цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді.
 
«Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.Бұл бастамалардың мақсаты, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды»,-деп атап өтті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Алмат Калиев.
 
Мамандар, жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдауға болатындығын тілге тиек етті.
 
«Мен бір мысал келтіре кетейін, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады»,-деді Камералдық бақылау мониторингі басқармасының бас маманы Әуелхан Алишеров.
 
Кәсіп иелерінің кассалық аппаратты қолдануына келер болсақ, кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады. Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталғандығын атап өткен абзал.
 
Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мобильдік аударым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір