13 Желтоқсан, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
"Оңтүстік Африка президенті Кирилл Рамафоса жексенбіде Ковид-19 жұқтырғаны белгілі болды, ол жеңіл белгілермен емделіп жатыр" делінген президенттік мәлімдемеде.
Толығымен вакцинацияланған Рамафоса бір күн бұрын Кейптаундағы бұрынғы вице-президент Ф.В де Клеркті еске алу кешінен шыққаннан кейін өзін нашар сезіне бастаған. Бірақ ол кезде оның көңіл-күйі жақсы және дәрігерлердің бақылауында болғаны айтылды.
Мутацияға ұшыраған Омикрон штамы алғаш рет өткен айда Оңтүстік Африкада табылды және оның "басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалылығы ғаламдық дүрбелең тудырды.
Рамафоса әзірге Кейптаунда оқшауланады. Ол келесі аптадағы барлық жауапкершілікті президенттің орынбасары Дэвид Мабузаға тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір