• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 02:22:15
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Елдің басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының мүшелеріне, мәслихат депутаттары мен ардагерлеріне өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік, мерейтойлық, партиялық наградалар тапсырылды. Сонымен қатар ел Президентінің Алғыс хатымен «Саят» ұлттық спортын дамытудағы еңбектері үшін ардагер бүркітшілер марапатталды. Наградаларды Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев тапсырды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марапат тапсыру салтанатында Қанат Бозымбаев тәуелсіздік пен бірлік  халықтың басты құндылығы екенін атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз үлкен өзгерістерді бастан кешіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асқанына тоқталды. Елбасының сындарлы жолы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жалғасып келе жатқанын айтты.  

Сондай-ақ Қанат Алдабергенұлы облыста ұлттық спорт түрлері бойынша 1600-ден астам спорттық секциялар жұмыс істейтінін, спорттың бұл түрімен 60 мыңнан астам адам айналысатынын да атап өтті. Сонымен бірге аймақтағы 50 құсбегі - республикалық «Қыран» федерациясының белсенді мүшесі. Осы орайда «Саят» ұлттық спортын дамытудағы ерен еңбегі үшін бірқатар ардагер бүркітшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды.  

Белсенді қызметтері үшін нұротандықтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі, «Халық алғысы» медалі, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасы берілді.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Марапатталғандар арасында депутаттар, партия филиалының және партиялық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, меценаттар, журналистер, партияның белсенді мүшелері бар.

Осы күні марапаттау І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Мұнда облыс әкімі Қанат Бозымбаев жиналған көпшілікті  Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірқатар азаматтарға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын және мәслихат ардагерлеріне «Құрметті депутат» төсбелгілерін табыстады. Облыстың Құрметті азаматы атанғандар қатарында Ақылбек Күрішбаев, Қанымжан Сұлтанқұлова, Асқар Сүлейменов, Римма Салықова және басқа да азаматтар бар. Сол сияқты мәслихат ардагерлері Едіге Жүнісбеков, Ызғарбек Бектұрсынов, Аян Айтжанов, Серік Мұқанов сынды ондаған азамат «Құрметті депутат» төсбелгісіне ие болды.

Осы жиында еңбек сіңірген ардагерлерге Парламент Сенатының, бірқатар салалық министрліктердің, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары, «Үздік депутат» төсбелгісі берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір