• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:45:47
Алматы
+12°

Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, үй сатып алу бойынша ең қымбат келісімшарт – 162,4 миллион теңге болған. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

– Зейнетақы жинағын пайдалану арқылы ең ірі сома – 162,4 миллион теңге премиум санаттағы тұрғын үй болды. Ал ең төмен мәміле шамамен миллион теңгеге жуық. Мүмкін бұл ауылдық жерде немесе аудан орталығында тіркелген шығар, – деді басқарма төрағасы.

Айтуынша, 2021 жылы сатып алу және сату операцияларының саны былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп болған.

–  Бүгін 179 192 транзакция ипотекасыз жүзеге асырылды. Яғни бұл баспананы толығымен сатып алғандар, – деді Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір