• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:20:41
Алматы
+12°

Қытайдың он үш миллион адам тұратын Сиань қаласында Ковид-19 таралуын тоқтату мақсатында бейсенбіден бастап тысқа шықпау туралы қатаң бұйрық шықты. Ақпаратқа сәйкес, билік қысқы Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.

Осыған орай Сианьде шектеулер күрт күшейіп, тұрғындарға үйде болу бұйырылған..

Бейжің ақпан айында өтетін 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарына дайындалып жатқандықтан, індетпен күресті күшейтпек.

Алайда соңғы апталарда вирус жағдайы көбейіп кетті.

Сиань билігі сейсенбіде 13 миллион тұрғынға жаппай тестілеуді бастағаннан кейін 63 вирус жағдайы тіркелгені туралы хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір