• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:21:06
Алматы
+12°

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 24.kz арнасына берген сұхбатында айтқан.

 

– Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейді 3-4 сағат кетеді. Оған қоса дайынлық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді, – деді Цой.

20 желтоқсанда Алексей Цой отставкаға кеткен болатын. Ол министрлік қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кеткенін айтты.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметіне 2020 жылдың 25 маусымында тағайындалған болатын.

Қазір денсаулық сақтау министрі қызметін уақытша вице-министр Жандос Бүркітбаев атқарып жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір