• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:53:54
Алматы
+12°

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу туралы шешімін түсіндірді. 

Прокурордың өтініші бойынша Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы қаулысының күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша Хаменова екі айға қамауға алынды.

"Сот алқасы Бақытгүл Хаменованы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағында (заңсыз әрекеттері үшiн пара алу) көзделген ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыптауда. Ол облыста басшылық қызмет атқарғандықтан және басқа да әлеуметтік байланыстары болғандықтан, қылмыстық істің өзге де тұлғаларына әсер етіп, істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін" делінген хабарламада.

Егер Б.Хаменованың қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бақытгүл Хаменова 22 желтоқсанда тергеу изоляторына қамалған.

10 желтоқсан күні  Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Олар  Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір