23 Желтоқсан, 2021 NEWS Өзгерту
Фото: baribar.kz
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өткенін хабарлады.
Қала 15 желтоқсаннан бері "жасыл" аймақта болған. Алайда коронавирус жұқтырушылар саны қайта арттып, қала "сары" аймаққа өткен.
Сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптаға қарағанда 4%-ға жоғары болған.
Эпидемиологиялық бақылау комитеті ауру көбеюінің негізгі себептерін әдеттегідей мереке күндері кейбір тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтамауымен байланыстырады.
Сәйкесінше, астанада шектеу шаралары күшейе түсті. Мәселен, жаппай іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтік іс-шараларға, түрлі топтар мен ұйымдар балаларының қатысуымен жалпымектептік және ұжымдық таңертенгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Мерекеге орай мониторингтік топтардың жұмысы күшейеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Көп оқылғандар
Қызылордада қылмыс әлемінің белді өкілі сотталды
Пікір қалдыру
пікір