27 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: paryz.kz
Зейнеткерлік жасқа жеткен және зейнетақы жинақтары бар адамдар белгіленген кесте бойынша БЖЗҚ-дан төлемдер алуға құқылы. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне уақтылы жүгінулері қажет. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады" делінген хабарламада.
Мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар салымшыларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелеріне, немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда БЖЗҚ-ның интернет-сайты арқылы (www.enpf.kz) өтініш қалдыруы қажет.
"Зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен бірге ХҚКО-ға құжаттарды зейнет жасына жетуге 10 күн қалғанда беруге болады. Осыған байланысты ағымдағы жылы 60 жасқа толған, туған күні 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейінгі әйелдерден 2021 жылдың соңына дейін ХҚКО-ға жүгінуін сұраймыз, өйткені 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60,5 жасқа дейін ұлғаяды" делінген таратқан ақпаратта.
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жарты жылға ұлғайта отырып), сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бекітілген кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екенін еске салады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір