29 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада тіркелген "Дельта+" штамы туралы айтты.
– Желтоқсан айының басында зертханаларға жүйелендіру үшін жеткізілген сынамалардың соңғы деректері, молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша елордада 47 пайыз "Дельта" штаммы, 41 пайыз "Дельта+" штаммы айналымда екені анықталды. Айналым тура Алматыдағы сияқты, – деді С. Бейсенова.
Бас санитар дәрігер республика аумағында COVID-19 штамдарының айналымын бақылау мақсатында оларға зерттеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осыған байланысты екі айда бір рет зертханаға сынамалар жіберіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір