• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:19:19
Алматы
+12°

Аяжан Еділова/фото: марқұмның желідегі парақшасынан

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған қылмыскерге сот үкімі шықты.

Сот Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда өтті.

– Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру, ал 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылады, – деді судья Еркін Майшинов.

Жәбірленушілер күдіктіден 26 млрд  теңге түріндегі моральдық шығын өтеуді сұраған. Сот талапты ішінара қанағаттандырып Төребековты 20 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

Еске салсақ, 2021 жылдың 19 наурызында жұмыстан шыққан Аяжан Еділова, сол күйі үйіне оралмаған. Қыздың жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады. Таныстары оны соңғы рет жұмыста көрген. Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылып, 22 наурызда оны аса қатыгездікпен өлтіргені белгілі болды. Бойжеткеннің бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. 

Аяжанның өліміне күдікті ретінде ер адам ұсталған. Ол жәбірленушімен бірге кіреберісте бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдікті 1993 жылғы Түркістан облысында тумасы. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аяжан Еділова Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір