• USD 476.62

  • EUR 485.53

  • RUB 7.96

  • CNY 70.49

09 Тамыз, 08:07:36
Алматы
+19°
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі комитет төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметтен кетпегенін мәлім етті.
 
"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында" делінген ҰҚК хабарламасында.
 
Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып келген Мұрат Нұртілеу 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына  тағайындалған. Осыдан кейін Самат Әбіштің қызметінен кеткені туралы ақпараттар шыққан.
 
Әлеуметтік желіде Самат Әбіштей ұлттық қауіпсіздікке жауапты орган басшысының бірінші орынбасары елде дүрбелең болып жатқанда қалай ғана демалыста жүреді деп жатқандар бар.
 
Мәселен, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ҰҚК таратқан ақпаратқа сенбейтінін жазды.
 
"Ел аяққа тік тұрып, атыс болып, адам өліп, әкімшілік өртеніп, ҰҚК департаментін басып алып, ішкі істер департаментіне шабуыл жасалып жатқанда ҰҚК бірінші орынбасары қалай ғана демалыста болады. Өз басым бұл ақпаратқа сендеймін. Шамасы шындықты кейінірек білетін сияқтымыз" дейді Мұхтар Тайжан.
 
Жібек Әшіржантегі есімді facebook қолданушысы да Самат Әбіш қызметінде болып, елдегі жағдайда демалыста жүргеніне наразы.
 
"Елдігімізден айырлып қала жаздап, талай бейкүнә адамның қаны төгіліп, біз шар құрып іздеп жүрсек, мына кісі еңбек демалыста екен. Елде төтенше жағдай жарияланып жатқанда демалыстағы кісіні шұғыл шақыртуға болмай ма? Әлде демалысына кедергі келтіруге болмайтында қатты жұмыс істеп қойды ма?" деп жазады ол.
 
Самат Әбіш Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың баласы.
 
Ресей баспасөзі бұған дейін Самат Әбіш пен оның ағасы Қайрат Сатыбалды Дубайда ұсталғаны туралы ақпарат таратқан.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Әбіш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір