14 Қаңтар, 2022 NEWS
Бәйтерек монументі/Фото: Gov.kz
Қазақстанның астанасы – Астананың бұрынғы атауын қайтару туралы петиция іске қосылып, қазіргі сәтте оған қол жиналған. Онлайн петиция egov.press платформасында жарияланған. Авторы – Данияр Бүркітбаев.
Петиция авторы 2019 жылғы наурызда президент жарлығымен елдің бас қаласы Астана қаласы Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілгенін, шешім әлеуметтік желілерде және қарапайым халықтың өмірінде теріс қабылданып, бұрынғы атау күнделікті өмірде қолданылатынын айтады.
"Қоғамдағы көңіл-күйді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентінен, ел Үкіметінен және Парламентінен Республикамыздың елордасы – Астана қаласының бұрынғы атауын қайтаруды сұраймыз. Сонымен қатар, барлық қалалардағы жергілікті билік органдарынан Назарбаев атындағы көшелерге мемлекеттігімізді, бірлігіміз бен еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын бейтарап атауларды беруді сұраймыз" деген автор Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылын Республика даңғылын деп өзгертуге болатынын жеткізді.
Бастамаға үн қосып, петицияға қатысамын деушілер болса, МЫНА жерді басып, платформаға өте алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір