• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:49:31
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2022 NEWS

Британ басылымы Назарбаевтың қайда екені туралы материал жариялады

"30 жыл бойы жасалған образдың бірнеше күнде күл талқаны шықты"

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген өнер туындысы Алматыдағы тәртіпсіздіктен кейін. Фото: Павел Михеев/Reuters

Нұрсұлтан Назарбаев қайда? Осы сұрақтың жауабы тек қазақстандықтарды ғана емес, әлем баспасөзін де қызықтырады. Осы сауал төңірегінде британиялық The Guardian басылымы да ізденіп көрген.

Басылым қаңтардың басында тәуелсіздік тарихында болмаған тәртіпсіздік басталғалы Назарбаев жұрт алдына шықпағанына назар аударған.

Британиялық ақпарат ресурсы Назарбаевтың қайда екені туралы түрлі әңігіме тарағанын, тіпті оның өліп қалғаны туралы да ақпарат шыққанын айта келе, өз дереккөздеріне сүйеніп, Назарбаев ел астанасында болуы мүмкін екенін жазады.

"Назарбаев тірі, қазір Тоқаевпен активтерді, пайдалы қазбаларды, рентаны (капитал, құнды қағаздар, мүлік, жерден тұрақты түсіп тұратын табыс) бөлісу бойынша жан алысып, жан беріскен келіссөз жүргізіп жатыр" деген басылымға Қазақстанда сенімді байланыстары бар бұрынғы батыстық шенеунік.

The Guardian "Тоқаев өзінің бұрынғы жарылқаушысы (Назарбаев - ред) мен Назарбаев әулетінен билікті алу үшін репрессияға барды, олардың кейбірін билікті төңкермек болды деп айыптады" деп жазады.

Батыстық шенеунік билікке талас жалғасып жатқанын, бәрі тыныш аяқталатынына еш кепілдік жоқ екенін жазған.

Басылым Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың "Назарбаев Қазақстанда" деген пікіріне де назар аударған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір