• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:31:36
Алматы
+8°

Фото: Әуезов тетарының баспасөз қызметі

Белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы АРАЛБАЙ дүние салды. Бұл турплы Әуезов театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген.

Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты В.Мейерхольдтің шәкірті, репрессияға ұшырап, Семейге айдалып келген режиссер И.Вишневский болды.

1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.

1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Р.Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, Көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасындағы Жігіт еді.

Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды. Шығармашылық қуаты мол, диапазоны кең актер 
трагедиялық,
комедиялық,
драмалық бейнелерді сомдады.

Актер Т.Аралбайдың қазақ киносына да еңбегі сіңді. Әр жылдары түсірілген «Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов» (реж.А.Әшімов),, «Азиат» (реж.Л.Аранышева), «Қызжылаған», «Мұстафа Шоқай», (реж.С.Нарымбетов), «Рэкетир», «Ликвидатор» (реж.А.Сатаев) көркем фильмдерінде, сондай-ақ «Тоғысқан тағдырлар», «Саранча» (реж.А.Қарпықов) телесериалдарындағы рөлдерімен шебер актер ретінде жақсы танылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Төлеубек Аралбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір