21 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде мәлімдеді.
– Жаңа өндірістерді ынталандыру үшін табиғи газбен қамтамасыз етудің маңызы ерекше. "Самұрық-Қазына" қорының газ бөлімшелерін реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуі керек, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы тек кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініш білдіргенін айтады.
– Бірақ газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді, – деді президент.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір