26 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "ӨКМ операторы" (ӨКМ - Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
Есіл ауданының полиция бөлімі тергеу қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша жүріп жатқанын жеткізген.
"Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеуді бастады. Алдын-ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған" делінген хабарламада.
Kozachkov offside телеграм каналы Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымына асылып қалғанын жазған.
Руслан Шәмшиев "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры қызметіне өткен жылы тағайындалған. Оған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген.
Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір