30 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімі қызметіне Ерболат Досаев тағайындалуы мүмкін. Ақпарат КазТАГ сайтында жарияланды.
Ерболат Досаев 2019 жылдың ақпанынын бері Ұлттық банкті басқарады. Оған дейін 2017 жылдың тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары болған.
2016 жылы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингін басқарған.
Қазір Алматы қаласының әкімі қызметінде Бақытжан Сағынтаев.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында Сағынтаевты Қаңтардағы оқиғаларға байланысты кінәламайтынын, бірақ алматылықтардың көңіл-күйін ескеретінін мәлімдеген.
Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір