• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 23:47:04
Алматы

Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа төрағасы қызметіне екі үміткер қарастырылуда. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің кандидатурасы қаралып жатыр. Бұл туралы КазТАГ cайты мәлімдеді.

Ақпаратта Ұлттық банк қызметкерлері өзін жақсы жағынан көрсете білген Баймағамбетовке көбірек басымдық беріп отырғаны айтылады.

Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың желтоқсан айынан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы қызметін атқарып келеді. Оған дейін ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында болған. Алайда аталған қызметте 25 күн жұмыс істеген. Оның алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.

Ақылжан Баймағамбетов 2019 жылдың желтоқсанынан Ұлттық банк төрағасының орынбасары. Оған дейін Ұлттық банк Ұлттық инвестициялық корпорациясының басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Сонымен қатар ол бірнеше жылдар бойы Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған Ерболат Досаев бүгін Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалғаны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір