• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:02:18
Алматы
+8°

Солтүстікте және орталықта қар жамылғысында жинақталған ылғал қордың көлемі су тасқынына соқтыруы мүмкін. Мұндай болжамды Қазгидромет мамандары айтып отыр.

Қазгидромет мәліметінше Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында топырақ қабаты бетінің үстіне мұз қабығы жапқан. Бұл температуралық фонның күрт жоғарылса немесе қатты жаңбыр жауса су тасқынының туындауына әкеп соғуы ықтимал.

Қазақстанның жазық өзендері бассейндеріндегі қар жамылғысындағы су қоры үлкен әркелкілікпен сипатталады:

♦Қарағанды облысында орташа көп жылдық мәндерден 33-51%-ға төмен;

♦ Ақмола облысында орташа көп жылдық мәндерден 25%-ға жоғары;

♦ Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көп жылдық мән шегінде;

♦Қостанай облысында Тобыл, Аят және Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде орташа көп жылдық мәндерден 30-44%-ға төмен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны қаупі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір