• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 15:13:27
Алматы
+12°

Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаев/Фото:© Михаил Метцель

Мәжіліс экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты елдегі саясатты жүргізуге араласуын шектейтін нормаларды мақұлдады.

Мәжілістің бүгінгі отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңына сенат енгізген жобалар мақұлданды.

Енгізілген өзгеріске сай, мемлекеттік бастамаларды Назарбаевпен ақылдасуды алып тастау заңнамалық тұрғыдан реттелді.

Өзгеріс құжатқа президент қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ мәжіліс "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы", "Қауіпсізді кеңесі туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген. Өзгеріске сай, мәжіліс Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқаруға құқық беретін нормаларды алып тастады.

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаевта билікке ықпал ете алатындай ешқандай заңдық тетік қалған жоқ. Тек оның және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қабылдаған шешімдері үшін жауапкершіліктен босататын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заң өзгеріссіз тұр.

Заңға сәйкес Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер берілген.

Мәселен, заңға сәйкес Н.Назарбаев айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және "Отан" орденіне, "Халық қаһарманы" (Народный герой) атағына ие.

♦ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

♦ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

♦ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір