• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:11:39
Алматы
+12°

Жалпы отырыста мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов медициналық қалдықтарды жөнге салмау қазақстандықтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы мәжілісмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында көтерді.

Д.Тұрғановтың айтуынша, медициналық қалдықтардың өсу проблемасы, әсіресе, бүгінде коронавирустық пандемия кезінде, соның ішінде, еліміз үшін өте өзекті. Мәжілісмен атап өткендей, медициналық қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеу халықты инфекция жұқтыру қаупіне ұшыратады. Бір рет қолданылатын шприцтерді, тамызғыштарды, таңғыштарды дезинфекциялау режимінің бұзылуына байланысты жиі дезинфекцияланбаған қалдық медициналық мекемелердің қоқыс контейнерлеріне тасталады, бұл одан әрі әртүрлі инфекциялардың пайда болу және таралу қаупін тудырады.

Сонымен қатар, депутат медициналық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату қоршаған ортаға патогенді немесе улы ластаушы заттарды шығару арқылы жанама түрде денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Мысал ретінде, мәжіліс депутаты Атыраудағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының артында қоршалған жеке аумақты анықтаған "Атамекен Эко" қоғамдық қорының бір топ табиғат қорғау белсенділерінің үндеуін келтірді.

Бұл жалғыз жағдай емес – мұндай мәселелер депутаттар тарапынан бірнеше рет көтерілген.

Д.Тұрғановтың айтуынша, Денсаулық сақтау және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері тарапынан жасалып жатқан шаралар жеткіліксіз екені анық. Атап айтқанда, сапасыз кәдеге жарату себептерінің бірі аталған қызметтерді лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізбесінен алып тастау болып табылатыны. Алайда министрлік әлі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастама көтерген жоқ. Д.Тұрғановтың айтуынша, мұндай кәсіпорындарға Экологиялық кодекске сәйкес белгілі бір талаптар қойылуы тиіс. Бұл жинақтау шектеулері, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және арнайы қондырғылардың болуы.

– Бұл талаптар орындалып жатыр ма, оны кім бақылайды? Қайта өңдеу қызметін ұсынатын компанияларда мұндай қондырғылар бар ма және олар қажетті талаптарға сай ма? Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жазалар қаншалықты тиімді? – деп отырыста депутат сауалдарын қойды.

Д.Тұрғановтың айтуынша, мәселені "қолмен басқару" режимінде шешу мүмкін емес – кешенді тәсіл қажет.

Осыған байланысты мәжілісмен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметіне бақылауды күшейту, нақты стандарттар әзірлеу арқылы қажетті құрал-жабдықтарды кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындарға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеу қажет деп санайды.            

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір