02 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
– "Nur Otan" алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтініш бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды, – деді ол.
Б. Байбек мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан астам еңбек еткен. Екі рет, жалпы алғанда 6 жылға жуық "Nur Otan" төрағасының бірінші орынбасары, 3 жылға жуық – президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
28 қаңтарда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезінде "Nur Otan" партиясының төрағалығы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір