03 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Талдықорғанда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқандпрдың бірі делінген Азамат Батырбаевты азаптау ісі бойынша тергеу шаралары басталды. Бұл туралы "Қамшыға" оның адвокаты Бауыржан Азанов мәлімдеді.
Адвокаттың сөзінше, Азамат Батырбеков азаптау кезіндегі денесіне келтірілген жарақаттарға қарамастан ауруханада емес, тергеу изоляторында.
– Қазір оның денсаулық жағдайы орташа қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Азаптау фактісі бойынша тергеу басталды, – деді ол.
Азамат Батырбековке қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртiпсiздiктер) бойынша айып тағылған. Ол бұлтарпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынған.
Бүгін бас прокуратура да Батырбаевты азаптау фактісіне байланысты мәлімдеме жариялаған.
"2022 жылдың 22 қаңтарында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталды.
2022 жылдың 23 қаңтары жауап алу кезінде ол ішкі істер органдарының қызметкерлері 10 қаңтарда денесіне жарақат келтіргенін көрсеткен.
А. Батырбаевтың осы арызы негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде" делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Батырбаев Қаңтар оқиғасы кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғандағы ескерткішін бұзуға қатысқандардың қатарында болғаны және тергеу барысында күрделі азаптауларға ұшырағаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Алайда оның жақындары Батырбаевтың ескерткішті құлату оқиғасына қатысы жоқ екенін айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір