• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:36:10
Алматы
+12°

Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындары мәселеге назар аударуды сұрап президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар өз үндеуінде жергілікті билікке сенім артпайтындарын жеткізген.

"Біз, Жаңаөзен қаласының бір топ жұмыссыз тұрғындарымыз. Қалада жұмыссыздық мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылы ұсынған тізім-схеманың әділ орындалып жатқанына сенімсіздік білдіреміз. Сонымен қатар, мұнай-газ саласындағы барлық жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз" делінген үндеуде.

Жаңаөзендіктер Тоқаевқа талап қойған жиын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.00-де өтті. Қазіргі уақытта көшеге шыққандардың бір бөлігі кетіп қалса, бір бөлігі әлі де қалалық әкімдік маңында тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір