• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:58:46
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі 3 ақпан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 6648 адамнан коронавирус, 135 адамнан пневмония анықталған. 2 ақпанда 25 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмған.

4 ақпандағы мәлімет бойынша, 120 059 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 095 пациент стационарда, 109 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 450 адамның жағдайы ауыр, 163 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. "Қызыл" аймақта.

Шымкент қаласы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "Сары" аймақта.

“Жасыл” аймақта Қызылорда, Түркістан облыстары.

4 ақпандағы мәлімет бойынша 9 213 147 адам вакцинаның I компонентін, 8 785 187 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір