• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 18:33:45
Алматы
+12°

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығымен агенттік аппаратының басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды.

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитетінде, мемлекеттік кірістер министрлігінде, премьер-министрдің кеңсесінде, президент әкімшілігінде жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылы ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарып келді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арман Жұмабеков

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір