07 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады" делінген ақпараттық хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір