• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:04:19
Алматы
+12°

Саясаткер, белсенді Жанболат Мамай мен саясаткер, кәсіпкер Болат Әбілов адам шығынына ұласқан қаңтар оқиғасының 40 күндігіне орай 13 қаңтар күні сағат 12:00-де Алматыдағы Республика алаңына бейбіт митингке шығуға, сол арқылы қаза тапқандарды еске алуға шақырды.

Мұндай бастаманы бірінші болып Жанболат Мамай көтерді. Ол 13 ақпан күні қаңтар оқиғасы құрбандарының 40 күндігі қарсаңында боздақтарды еске алып, "атқан, асқан, азаптаған азғындарды соттауды талап етеміз" деді.

Болат Әбілов те бейбит митинг оны ретінде Республика алаңын белгілеп, қайтыс болғандарды еске алу – азаматтық парыз екенін жеткізді.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 227 адам қаза тапқан. Билік олардың ішінде 19 адам күш құрылымдарының қызметкері екенін жариялады. Қайтыс болған өзге адамдардың тұлғасын ашып айтпай отыр. Бас прокуратура тергеу құпиялылығына байланысты. қаза тапқан азаматтардың аты-жөні жарияланбайтынын мәлім етті. Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина бастамашыл болған Qantar2022 еріктілер тобы қаңтар трагедиясы кезінде қайтыс болған 173 адамның аты-жөнін анықтаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір