• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:49:45
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1311 адамнан коронавирус, 24 адамнан пневмония анықталған. 11 ақпанда 10 адам коронавирустан көз жұмған.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, 53 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 174 пациент стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 350 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

“Жасыл” аймақтаШымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

14 ақпандағы мәлімет бойынша 9 299 294 адам вакцинаның I компонентін, 8 874 390 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір