• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:56:05
Алматы
+8°

Айжан Есмағамбетова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметінде Ерлан Қиясов болған.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2004-2014 жылдары ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2013 жылы ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2014-2017 жылдары – ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

2017-2020 жылдары – ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айжан Есмағамбетова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір