• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 22:27:15
Алматы
+8°

Илон Маск Tesla компаниясының шамамен 6 миллиард долларлық акциясын қайырымдылыққа берді. Бұл – тарихтағы ең ірі қайырымдылық көмектердің бірі.

Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының құжаттарына сәйкес, әлемдегі ең бай адам 19 қараша мен 29 қараша аралығында Tesla компаниясының 5 миллионнан астам акциясын қайырымдылыққа арнаған.

Қайырымдылыққа арналған қаржы сол күнгі бағалы қағаздар құны бойынша шамамен 5,7 миллиард долларды құрады.

Құжаттар қайырымдылық ұйымының атауын көрсетпеді және транзакцияға қатысқандар құпия ұсталды.

Бұған дейін Берни Сандерс пен Элизабет Уорренмен сияқты АҚШ саясаткерлері Илон Маскты сынаған. Олар Америкадағы байлық теңсіздігін көтіріп, байларға көбірек салық салу мәселесін көтерген.

Сонымен қатар, БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Twitter парақшасында Илон Маск сияқты миллиардерлер ғаламдық аштық мәселесін шешуге назар аударуы керек екенін жариялаған. Маск твит жариялап, БҰҰ 6 миллиард доллар арқылы әлемдегі аштық мәселесін шешуге көмектесетінін ашық дәлелдесе, акцияларын сататынын айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір