17 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Саясаттанушы, белсенді Санжар Боқаев саяси партия құратынын мәлім етті.
Саясаттанушы мұндай шешімге үкіметтің нашар жұмыс істейтіні, жемқорлықтың жаппай жайылуы итермелегенін айтады.
"Біз үміт артып, күтіп шаршадық. Мемлекет естігендей кейіп танытады. Мәселен, Өзбекстан үкіметіне президент тапсырмасынан кейін ауылшаруашылығы техникасы үшін салықты жойып, қайта есептеуге үш күн ғана жеткілікті болды. Біздің үкімет бір жарым айдан бері утильалым мөлшерін белгілей алмай, блогтур ұйымдастырумен айналысып отыр. Лобби кезекті рет мемлекеттен күшті болып шықты. Сондықтан бізге өз партиямыз керек" дейді саясаттанушы.
Санжар Боқаев 1982 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Ресей Федерациясы президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған, АҚШ Колумбиялық университетінде тәжірибеден өткен.
Әр жылдары Алматы қаласы ішкі саясаты басқармасы, жастар саясаты басқармасына жетекшілік еткен. Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген. "Нұр Отан" партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары болған.
ҚазТрансГаз компананиясы экс-басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың, сенат спикері болып тұрғанда Дариға Назарбаеваның кеңесшісі болған.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтен кетіп, кәсіпкерлікпен, саяси белсенділікпен айналысып жүр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір