• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:34:29
Алматы
+7°

28 Ақпан, 2024 Ақмола облысы

Заңсыз ағза саудасы: Қазақстанда бүйрегін сататындар көбейген

Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сатпақшы болып, әлеуметтік желіде хабарландыру жариялаған. Ол өз органын шартты сатып алушымен мәміле жасасу кезінде ұсталды.

Ашық дереккөзден алынды

 

"Қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында жасалған іс жүргізу келісімімен сотқа келіп түсті. Жаза тағайындау кезінде сот оның шын жүректен өкініш білдіргенін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді", деп хабарлады Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адамға шартты түрде бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау орнатылды.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 31 қаңтарда Ақмола облысының тұрғыны бүйрегін 8 млн теңгеге сатуға тырысып, ақша алып жатқан кезінде ұсталған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір