23 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: matritca.kz
Қостанай облысының бас санитар дәрігері Е.Даулетбаев карантин талаптарын жеңілдететін қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес:
- "Ashyq" жобасына қатысатын қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), объектілердің жүруіне рұқсат беріледі;
- форумдар, конференциялар, семинарлар, отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі; ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерге)
- барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды оқыту штаттық форматта жүзеге асырылады;
- орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғары оқу орындарында карантин режимі сақталады. 1 инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауру жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне оқшауланады;
- жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол берілмейді;
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір