25 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Орталық сайлау комиссиясына мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініші келіп түсті.
"1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін" делінген ОСК хабарламасында.
Бүгін Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Айтуынша, енді ол толықтай қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық жұмыстармен айналысады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір