• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:44
Алматы
+12°

Белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев күлбілтелейтін дипломатияның уақыты өтті, Қазақстан өзінің нық позициясын таңдауы керек деп санайды. Бұл туралы ол "Қазақстандықтардың Украинаға гуманитарлық көмегі және гуманитарлық апат" пресс-конференциясында айтты.

– Қазіргі уақытта әлем нақты екі лагерьге бөлініп тұр: бірі – Украинадағы жағдайларды агрессия, соғыс, белгілі бір дәрежеде геноцид деп санайтындар, бірі – Украинадағы жағдайды "азат ету операциясы" дейтіндер. Соңғыларының қатары аз. Меніңше, Қазақстанға ұстанымын нақтылайтын кез келді, –  дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы бизнесмендер алғаш рет Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан шығуы керек деп айтып отырғанын жеткізді.

– Қазақстан билігі саяси көзқарас тұрғысынан абайлап әрекет етіп отырғанын түсінемін. Бірақ қазір санкция толқыны Қазақстанға да салқынын тигізетінін көріп отырмыз. Мен кәсіби экономист, бизнесмендердің пікірін оқимын. Олар экономикаға төнер қауіпті бағалай алады. Қазір олар дүрлігіп отыр. Олар санкция шаралары Қазақстанға да салына ма деп алаңдайды, – дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір