• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 21:14:13
Алматы
+12°
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
 
Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.

Презилент жарлығында кеңес жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау, президентті жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау, мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды мәселелерін талқылау секілді міндеттер атқаратыны айтылады.

Кеңес құрамы төмендегі суретте ұсынылған.

Кеңес құрамына байланысты әлеуметтік желіде реакция танытып жатқандардың пікірі әртүрлі. Бірі бастаманы құптап, "бәрекелді" десе, бірі "елдің болашағы өңкей блогер, ерікті, шоумендер емес, экономист, қаржыгер, IT мамандарындарда" деп жатыр. Кейбіреулер бітпейтін кеңес шаршатқанын жазуды.

Қазақстанда қандайда бір мәселе бойынша кеңес құру үрдісі бұрыннан бар. Қазіргі уақытта ұлттық қоғамдық сенім кеңесі елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Кеңес басшылығымен саяси партиялар туралы, сайлау туралы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңдарға өзгеріс енгізілді. Оларға сай, партия тіркеу үшін қажетті 40 мың қол 20 мыңға төмендетілді. Партиялық сайлау тізіміндегі кандидаттардың 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастардан құралуға тиіс. Парламенттік оппозиция түсінігі енгізілді. Митингтің хабарлау қағидаты қабылданды. Ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Көзқарасы билік саясатынмен үндес сарапшылар жаңа нормаларды демократиялық жолға түсудегі маңызды қадамға баласа, тәуелсіз сарапшылар нормалар шынайы саяси реформаға бастамайтынын, "саяси реформа имитациясы" ғана екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кеңес жиын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір