• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:22:42
Алматы
+12°
Президент іс басқармасы президенттің қаңтар оқиғасы кезінде қираған Алматы қаласындағы резиденциясын бұзу туралы шешім неліктен қабылданғанын түсіндірді.

Басқарма мәліметінше, қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты сарапшылары резиденция "пайдалануға шектеулі жарамды"деген қорытынды жасаған.

"Өрттің және аса жоғары температураның салдарынан барлық тіреуіш құрылымдары мен шатырдың негізі болып табылатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес. Сонымен қатар, бүгінгі таңда объектінің құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту үшін аса капиталдық салымдарды талап етеді. Сарапшылардың пікірінше, Резиденция ғимаратын қайта жабдықтап, оны пайдалану қауіпсіз емес. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай осындай мәртебесі бар объектілерге қатысты талап етілетін, Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзуға қатысты барлық рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылатын болады" делінген басқарма түсіндірмесінде.

2 наурызда президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің Алматыдағы резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынатынын мәлім еткен.

Әлеуметтік желіде тарихи ғимаратты сүруге қарсы шыққандар, оны түрлі мақсатта пайдалануға болатынын айтқандар көп болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір