10 Наурыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Қалалық мәслихат депутаттары Алматыдағы қоғамдық көлікпен жүру ақысын 20 теңгеге қымбаттату туралы бастама көтерді. Депутат Асхат Қабашевтің сөзінше, бұл – жол жүру ақысына жұмсалып жатқан субсидияны үнемдеп, үнемделген қаражатты басқа салаға бағыттауға мүмкіндік береді.
– Алматы мәслихатының кезекті 16 сессиясында негізгі шешімдерді қабылдаудан бөлек, қоғамдық көліктегі жол ақыны 80 теңгеден көтеру туралы прагматикалық ой айтылды. Өз атымнан тарифті 20 теңгеге болса да көтеру жолаушы тасымалы субсидиясын анағұрлым қысқартып, қала дамуы үшін әжептәуір қаражат үнемделер еді деп қосқым келеді, – дейді депутат
Алайда көзделіп отырған өзгеріс қала тұрғындарын қуанта қоймады.
"Депутат, әкім және мәслихат хатшысы Станислав Канкуров мырза, қоғамдық көлікті ақшаға тарықтыруды доғарыңыздар. Үнемдегілеріңіз келсе, басқа жобалардан үнемдеңіздер. Гелендвагенмен жүргендіктен, сіздерге жақсы әрине, ал қарапайым адамдар кісі толы автобуста сығылысып кептелістерде тұруға мәжбүр. Қала бюджетін үнемдеудің көптеген жолдары бар. Мәселен, әл-Фараби арқылы жаяу жүргіншілер көпірінің керегі не? Былтыр Наталья Ливинская таныстырған Тұңғыш президент паркін 1 млрд теңгеге жөндеу ше? Қала қазынасы қалай жұмсалып жатқанын қарар болса, қажетсіз шығындарды көптеп табуға болатынына сенімдімін. Қоғамдық көлік – мектеп, аурухана секілді негізгі қажеттілік қой" деп жазады тұрғындардың бірі.
Дереккөз: КазТАГ сайты
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір