11 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі жұма күні шұғыл жиын өткізіп, Ресейдің "Украинадағы биологиялық қару жасауды АҚШ қаржыландырады" деген мәлімдемесін талқылайды.
Кездесуді Ресей сұрап отыр. Ал Батыс елдері Ресейді "Украинада биологиялық және химиялық қаруды болашақта қолдану мүмкіндігін ақтау үшін ақпаратты ойдан шығарып отыр" деп айыптайды.
Бұған дейін Украина президенті Киев биологиялық қару-жарақ жасап жатқанын жоққа шығарып, Ресейді "Украинаның бейбіт тұрғындарына (биологиялық қару) қолдануға дайындалып жатыр" деп айыптаған.
Кездесу туралы жаңалықтарға реакция білдірген БҰҰ жанындағы АҚШ миссиясының өкілі AP News-ке Ресей "БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жалған ақпарат таратуға арналған орын ретінде пайдалануға" тырысып жатқанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір