• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:21:26
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтан қаласында "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ қолдауымен "Білім және денсаулық – 2022" көрмесі өтті. Аталмыш шараның салтанатты ашылуына арнайы ҚР БЖҒМ вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы және "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ президенті Өте Дархан Ермаханұлы қатысты.

"Білім және денсаулық – 2022" көрмесінің ашылуында алғаш болып сөз алған ҚР БЖҒМ вице-министрі Шолпан Каринова: "ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 – "балалар жылы" деп жариялағаны баршамызға аян. Осы мақсатта оқушыларымыздың тың бастамаларын қолдауға дайынбыз. Жалпы балалардың ғылымға, білуге, жаңашылдыққа құштарлығы бізді қуантады. Бүгін осы көрмеге жиналған оқушыларымыздың әр жұмысы үлкен жетістік" деп сөзін түйіндеді.

Фото

"БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ президенті Дархан Өте "Ел болашағы жастарымыздың бұл алғашқы қадамы әлемдік ірі ғылыми жобаның ашылуына сеп болады. Осындай талапты жастың білімін жетілдірген ұстаздар қауымына алғыс білдіремін" деді.

Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, балалардың ғылыми жобаларына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтары әр стендтің жанынан шықпай бар ынтасымен тыңдап, суретке түсірді.

көрме

Көрмеге "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ және "Білім орда" ХҚҚ қарасты бірқатар мектеп-лицей оқушыларының жұмыстары қойылды.

көрме

көрме

Жалпы, соңғы уақытта ұлттың саулығы өте өзекті тақырып. Дүние елдері ұрпақтың білімді һәм дені сау болуына басты назарды аударып отыр. Көрмеде де оқушылар замандастарына зиянды әрекеттен аулақ болуына, салауатты өмір салтын ұстануына үн қосуды өз жобалары арқылы көрсетті. Сондай-ақ соңы технологиялар бойынша түрлі инновациялық жобаларды құрастырып, уақыты мен білімін арнаған оқушылардың еңбегі көпшілік көңілінен шықты.

БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір