• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:53:27
Алматы
+12°

13 наурыз күні қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу басталды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

А.ж. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды" делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

15 наурызда белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Гүлмира Сатыбалды  күйеуі Тұрсын Алагөзовтың компаниясын рейдерлік жолмен тартып алуға қатысы бар екенін мәлім еткен.

Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалды мен оның әйелінен зәбір көрген өзге де адамдар туралы біле түскенін, бизнесін жоғалтқан адамдардың атын естігенде қоғам шок болатынын жеткізді.

Ал 2021 жылғы 23 маусымда "Басе" youtube каналында Айгүл Мекешова деген келіншек Гүлмира Сатыбалды құны 1 миллиард теңгеден асатын бизнесін тартып алғанынын хабарлаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір