• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:09:15
Алматы
+12°

ҚР Парламентінің Сенаты мен Президентін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдаудан бас тартуға шақырған петиция жарияланды. Петиция авторы журналист, Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы Думан Смақов. Қазіргі уақытта петицияға 2500-ден астам адам қол қойған.
 

Автор түзетулер қабылданып кетсе, Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнетінін айтады.

 

"2022 жылы наурызда Парламент Сенатына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралымға келді. Бұл заң жобасында қажет және маңызды түзетулер жазылғанымен, ел ішінде «Сарым мен Закиеваның түзетуі" деп танылған нормаларды да қамтиды. Заң жобасы елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануға шектеу енгізуге мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қабылданған жағдайда (заң жобасының 14-16 беті) Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнеді. Ұсынылған заң жобасының түзетулеріне сай, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер "заңды өкілдерін" тағайындауға, сонымен қатар, уәкілетті органның, яғни, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) талап еткен кез келген контентті 24 сағаттың ішінде өшіруге міндеттеледі. Егер әлеуметтік желі уәкілетті орган талабын орындамаса, АҚДМ желінің "Қазақстан аумағында жұмысын шектеуге" құқылы" делінген петиция мәтінінде.


Журналист түзету авторлары мұндай қадам балаларды кибербуллингтен (кибербуллиңнен) қорғау үшін жасалып отырғанын айтқанымен, бұл қадамдардың артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні бақылауды арттыру тұрғаны анық деп санайды.

"Біз Сенаттан заң жобасын Мәжіліске қайтаруды, сонымен қатар, ҚР Құқық қорғау ұйымдарымен, мемлекеттік емес БАҚ өкілдерімен және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен заң жобасын міндетті түрде қайта түзеуді талап етеміз. Заң жобасы осы қалпында қабылданса – біздің қоғам ондаған жылға артқа кетері сөзсіз. Бұған қоса, саяси және экономикалық тұрғыдан шеттетілген мемлекеттермен бір қатарда болу қаупі бар. Барша қазақстандықтарды осы үндеуге қосылуға шақырамыз. Cебебі бұл заң жобасы әрқайсымыздың болашағымызға қатысты!" дейді автор.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір