Фото: REUTERS
Ресейдің Украинаға басқыншылығына 1 ай толғанда НАТО, G7 және ЕО елдері Бельгия астанасы Брюссельде бас қосады.
ВВС Ресей басқыншылығы НАТО альянсының алдына жаңа мақсаттар қойғанын хабарлайды. ЕО Ресеймен энергетикалық байланыстарын үзуге тырысып жатқандықтан, оған басқа қарым-қатынастарын, әсіресе АШ-пен арасын реттеп алу керек.
Украина президенті Владимир Зеленский НАТО мен ЕС елдері басшыларымен байнебайланыс арқылы сөйлеседі.
30 президент пен премьер-министр Украинаға қолдауды күшейтуге келіседі деп күтілуде. Көпшілігі Украинаға қару беруге әзір. Әзіресе, Ұлыбритания қорғаныс саласындағы көмегін арттыруға дайын екенін жеткізді.
Алайда әскери альянс соғысқа тікелей араласпайтынын анық ұқтырып отыр. Сондай-ақ Зеленскийдің Украина әуесінде ұшуға тыйым салынған аймақ құру туралы өтініші де ескерілмеді.
ВВС сонымен қатар Украинадағы қақтығыс кезінде Ресей батыстық әскери керуенге шабуыл жасаса, химиялық немесе тактикалық ядролық қару қолданса, НАТО-ның қандай әрекетке баратыны анық емес дейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір