"Ақпан айында Мамай қаңтарда жанармай бағасының өсуіне қарсы демонстрацияға шығып, қазақстандық күштік құрылымдардың қолынан қаза тапқан демонстранттарды еске алу мақсатында рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалған. 12 наурызда бостандықа шығуы керек болған Мамай оның орнына жаңа қылмыстық айып бойынша 14 наурызда сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Ол құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, "жалған ақпарат" таратты деп айыпталып отыр. Егер сотталатын болса, үш жылға бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр" деген ұйым өкілі Светлана Воробьева бұл айыптауларға Қазақстан билігі өзін сынаушылардың үнін өшіру үшін жиі жүгінетін заңдар негіз болып отырғанын айтады.
"Билік өкілін қорлады" деген айып бойынша Мамайдың үстінен қозғалған алғашқы іс 2021 жылғы қыркүйекте өткен рұқсат етілмеген митингтегі оқиғаларға сүйенеді. Ол жерде Мамай полицейлер оны жерге құлатып, екінші белсендіні ұстағанда "сатқын" деп атайды делінген. Қазақстан бейбіт жиындарды қатты шектейді, ал бейбіт жиындар туралы заң халықаралық стандарттардан айтарлық артта қалған. Екінші іс Мамай қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерімен кездесуі туралы әлеуметтік желідегі трансляцияларында "жалған ақпарат" таратты деген айып бойынша қозғалған. Агенттік 2021 жылғы желтоқсанда Мамай "өзінің саяси мақсаттары" үшін "кредиттік амнистия" туралы жалған ақпарат таратты деп мәлімдеді. Оның аузын жабу ойымен Қазақстан билігі әдетте басқаша ойды тұршықтыру үшін қолданатын заңды пайдаланды. Осы айда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан" құруға, саяси партияларды тіркеу процедурасын либерализациялауға уәде берген. Егер Қазақстанда шынымен де ашық саяси жүйе жасалатын болса, ол Мамайдың құқығын құрметтеуден басталуға тиіс. Билік оған қарсы қолдан ұйымдастырылған айыпты алып тастап, оны босатуы керек" делінген Human Rights Watch хабарламасында.
Пікір қалдыру
пікір