• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:39:15
Алматы
+12°
 
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік ақпарат құралдарына берген сұхбат барысында кескілескен ұрыстар жүрген Мариуполь қаласындағы қазіргі жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
 
– Шынайы жағдай мынандай: қаланы ресейлік әскерилер қоршап алған, барлық кіру, шығу жолдары жабылған. Портқа мина қойылған. Гуманитарлық апат болып жатыр. Қалаға азық-түлік, су, дәрі кіргізу мүмкін емес. Ресейлік әскер гуманитарлық конвойды атқылап, жүргізушілерді өлтіріп жатыр. Көптеген жүкті қайтаруға тура келді. Белгілі бір келісім болған. Азаматтық көліктер Украинаға қарай жүргенде бөгеттер ашылған. Ал адамдарды қарулы күштермен шығару тек басқыншыларға қарай жүріп жатыр. Біздің дерекке сай, екі мыңнан астам бала шығарылған, яғни оларды ұрлап әкетті. Сондықтан балалардың қайда екенін нақты білмейміз. Олар балаларды ана-аналарымен де, жалғыз-жарым да алып шығып жатыр. Бұл – катастрофа. Бұл көріністі көз алдыма елестетудің өзі ауыр. Олардың жанын айырбас ретінде пайдалану – сұмдық, – дейді ол. 

Владимир Зеленскийдің сөзінше, Мариупольде ресейлік әскермен қатар украиналық әскер де бар. Олар қаланың әр бөлігін бақылауында ұстап отыр. Президент украиналық әскерилерді өмірін сақтап қалу үшін қаладан шығуға шақырғанын, бірақ олар бас тартқанын атап өтті.

– Олар жаралылар мен қаза тапқандарды тастап кетпейтінін айтты. Қала көшелерінде, тратуарларда ресейлік жауынгерлер мен Украин азаматтарының мүрделері шашылып жатыр. Оларды тазалап жатқан ешкім жоқ. Біздің әскер мерт болған майдандастарын тастап кетуге дайын емес. Қаладан шығып, қаруластарын қоқысты көмгендей көме салуға дайын емес. Біз ресейлік тараптан мәйіттерді алып шығуға мүмкіндік беруін сұрадық. Олар мүмкіндік бермеді, – деген ол Мариуполь, Волноваха мен Киевтің айналасындағы шағын қалалар жермен жексен болғанын, енді олар жоқ екенін айтты.

Қирандыға айналған Мариупольдің қазіргі көрінісі осындай.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір