• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:53:01
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Аntikor ortalygy" жаңартылған формата"оффлайн" жұмыс режиміне көшті.

"Antikor Ortalygy" алаңында Алматықаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары оқу орындарының заңгер-студенттері үшін өз есігін ашты.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында студенттер сыбайласжемқорлыққа қарсы қызметтің негізгібағыттарымен және мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу рәсімімен танысты.

Жоғары оқу орындарының түлектері үшін ведомство бойынша экскурсия өткізіліп, сыбайласжемқорлыққа қарсы күресте пайдаланылатынқұралдар мен жабдықтар көрсетілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қызметке жас және сауатты мамандарды тарту болып табылады.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Еліміздің болашағы, бүкіл қоғамның дамуы жастардың өмірлік ұстанымдарына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта жастарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс", - деп атап өтті Департамент басшысы Мұрат Ахметов.

"Біз жаңа Қазақстанды құруға болатын адал адамдардың ұрпағын өсіруіміз керек. Дұрыс емес және заңсыз жолдардан бас тартуға, заңға бағынатын мінез-құлыққа және заңды бұзудың кез келген әрекетін қабылдамауға автоматты түрде әрекет ететін заңгерлердің жас буынын тәрбиелеу маңызды", - деп атап өтті Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Айнұр Сабитова.

Кездесу соңында студенттер кәсіби бағдарлау жұмысына бағытталған қызықты және танымдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір