Фото: bbc.com
ВВС мәліметінше, АҚШ алғаш рет Владимир Путиннің отбасы мүшелеріне санкция салған. АҚШ қаржы министрлігі Катерина Тихонова мен Мария Воронцованы Путиннің қыздары деп оларға санкция салды.
Блумберг агенттігі бұл қадам символдық мәнге ие екенін, Путиннің назарын аудару үшін жасалғанын жазады. Басылым мәліметінше, Путиннің қыздарының шетелде үлкен көлемде активі бары туралы нақты дерек жоқ.
Еуропа елдері мол мөлшерде Ресей мұнайы мен газын тұтынатындықтан, бұл салаларға санкция маңайлай алмай отыр. Ресей Еуропаға мұнай мен газ жеткізу арқылы күніне 650 миллион еуро табады.
Десе де Еурокомиссия өкілі Урсула фон дер Ляйен бұл – санкциялардың соңы еместігін, енді Ресейдің пайдалы қазбаларына кезек келетінін айтады. Еуроодақ енді Ресей көмірін сатып алудан бас тартып, Ресей кемелерінің Еуроодақ порттарына аялдауына тыйым салуы мүмкін.
Сондай-ақ Жапония, Австралия мен Жаңа Зеландия да Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге қосылатыны хабарланды.
Жаңа Зеландия сәрсенбіде Ресей импортына 35 пайыздық тариф енгізетінін мәлімдеп, өндірістік өнімге салынған тыйым мерзімін ұзартатынын атап өтті.
Украина преиденті Владимир Зеленский кезекті мәрте батысты Ресей мұнайын сатып алуды тезірек тоқтатуға, Ресейді әлемдік банк жүйесінен толық ажыратуға шақырды.
Оның айтуынша, кей шенеуніктер өз экономикасын тәуекелге тікпес үшін Ресейге мұнаймен барып жатқан доллар мен еуро ағынын шектеуге батылы жетпей отырғанымен, мұнайға эмбарго (сатып алуға тыйым - ред) жариялау тек уақыт еншісіндегі шаруа.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір